Астанадағы Highvill Park тұрғын үй кешені қайта боялып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, 21 мамырда Мемлекет басшысы EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысты мәселелер бойынша өткен жиында оңтүстіккореялық азаматтың салған сұр түсті үйдің беткейлеріне қатысты сын айтқан еді.

Президенттің айтуынша, үйдің беткейлері ақ, көк және сары түстерге боялуы керек. "Оңтүстіккореялықтар жақсы пәтерлер мен үлкен үйлерді салады. Барлығы сұр түсті. Тұрғын үй кешені емес, ІІМ-не арналған ғимарат сияқты. Ақ түсті үйлер де болуы керек қой. Мұның не қиындығы бар? Олар осында ма? Біз сіздерді неге осы жұмысқа тарттық, себебі сіздер жақсы үйлер саласыздар. Оған алғыс айтамын, бірақ неге сіздер салған үйдің беткейлердің түрі салынған үйлерден жаман?", - деген еді Мемлекет басшысы 21 сәуірде өткен жиын барысында. Айта кетейік, "Астана Арена" стадионының маңында салынып жатқан Highvill Park үй беткейлері ақ, көк және сары түстерге боялып жатыр. Сондай-ақ, Сарыарқа даңғылындағы үйлер жаңа түстерге боялып жатыр. Сары түсті бес қабатты үй көк және ақ түстерге боялды. Сондай-ақ, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Исекешевті Астана көшелеріндегі құрылыс қоқыстары үшін сөккен болатын. "Үйлерді жаппай салуда - талап барлығына бірдей болуы тиіс. Кейбір үй салушылар өз қоқыстарын да шығармайды. Қаланың барлық жерінде қоқыс, қара (Астана әкімі Әсет Исекешевке бағыттай сөйледі - Авт. сөзі), қоқыс орындары көп болып кеткен. Әділбек Жақсыбековтың кезінде мұндай мүлдем болмаған. Қара, Әсет, құрылыс қалдықтары", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев суреттерді көрсетіп.

pavlodarnews.kz