Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Бұл туралы қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты.

Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алуға 39,1 миллиард теңге бөлінді, - деді Берік Шолпанқұлов.

Оның ішінде коронавирустық инфекциямен күресу бойынша жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы шараларға 23,4 млрд теңге қарастырылған.

Жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға - 20,6 млрд теңге; зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған тест жүйелерін сатып алуға - 2,7 млрд теңге; Қазақстан азаматтарын Қытайдан эвакуациялауға - 131,1 миллион теңге; Өңірлерге қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 11,5 трлн теңге аударылды. Оның 30%-ы Нұр-Сұлтан (1,4 млрд теңге), Алматы (1,4 млрд теңге), Шымкент (605 млн теңге) қалаларына жіберілді, - деді вице -министр.

pavlodarnews.kz

Тэги: