- Шынымен де, төтенше жағдай режимі мен коронавирусқа қарсы тұру іс-шаралары экономикамыз бен қоғамның тыныс-тіршілігіне әсерін тигізуде, - дейді Бауыржан Бекмұрзаев. – Көптеген мекеме жабылды. Біразы онлайн режимге көшті. Қазіргі жағдайда мемлекет бәрімізге де қолдау көрсетуге тырысуда. Соның ішінде бизнеске де көмек көрсетілуде. Бұл жағдай кәсіпкерлерге де оңай тиіп жатқан жоқ. Сондықтан, 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босату үлкен көмек деп білемін.

Сондай-ақ кәсіпкер дәрігерлерге көрсетілетін қолдаудың да аса маңызды екендігіне ерекше тоқталды.

- Президентіміздің дәрігерлерге көптеген жағдай жасау жөніндегі бастамасын ерекше ықыласпен қарсы алдым, - дейді Бауыржан Бекмұрзаев. – Ол өте қажет. Дәрігерлерге үш ай көлемінде қосымша үстеме төленеді делінуде және әлеуметтік көмек көлемі артуда. Ол да халыққа жасалған зор көмек.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Президент, Қасым-Жомарт Тоқаев, Бауыржан Бекмұрзаев, әлеуметтік мәселе, бизнес