Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «2017 жылы Атырау облысындағы жолдарды жөндеу үшін республикалық және облыстық бюджеттен 30 млрд теңге бөлінді. Өңірдегі тасжолдардың ұзындығы 2 мың шақырымнан асады. Оның жартысы жөндеу жұмыстарын талап етеді», - деп атап өтті облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев.

Бірінші кезекте - «Атырау - Астрахань» бағытындағы республикалық маңызы бар тасжол тұр. Оның жаңартылуы «Нұрлы жол» бағдарламасына енгізілген және осы жазда аталмыш тасжолға асфальт төсеу жұмыстары басталады.

«Облыс үшін және бүкіл Қазақстан үшін маңызды болып саналатын бұл автожолдың құрылыс жұмыстарына 100-ден астам сервистік компания қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, «Атырау-Ақтөбе» автожолының 155 шақырымдық учаскесі жөндеуден өтеді», - деп түйіндеді Қайрат Нұртаев. 



pavlodarnews.kz