Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов мәлім етті.

-  Астана қаласында өтетін халықаралық көрмеге өңірден оқу үздіктері мен жетім және аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларының балалары барады, - дейді Ернұр Дәуенов. - Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 107 миллион 800 мың теңге қарастырылған. Қазіргі таңда әлі де   «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сатып алып жатқандар бар.  Көбінесе туристік фирмалардың қызметі пайдаланылады. Оның ішіне тамақтану, орналасатын жер және көрнекі орындарға саяхат кіреді.  Кейбір оқушылар сыныптастарымен барғанды жөн санайды. Ал, егер де отбасымен баратын болса, жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі. Сонымен қатар балалар демалыста Қазақстанның мәдени-тарихи орындарына саяхат жасайды.

Еске сала кетейік, өңірде жазғы кезеңде демалыс және сауықтырумен 91450 оқушы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 99,0%-ы қамтылады. Бос уақытты қамтудың барлық түрін ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 392,9 миллион теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 125 миллион теңгеге артық (2016 жылы – 267,9 млн теңге).

Ақбота Сейсенбаева

Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды

pavlodarnews.kz