Департаменттің мәлімдеуінше, аралаудың негізгі бағыты  Сілеті су қоймасынан су жіберу кезінде және қардың қарқынды еруі салдарынан су басу қаупі жоғары Шұға және Жалаулы, Шолақсор елді мекендерін қамтыды. Шұға ауылының маңына жақындаған кезде қар түріндегі жауын-шашынның жиналуы байқалған жоқ. Елді мекенде су басу қаупі бар қар қоры болмады.

- Кірме жол үшін қардың еруі ешқандай қатер  төндірмейді, бүгінгі күні керек жабдықтар әкелінді, - дейді департаментте. - Су өткізу құбырларын жөндеу жұмыстары ауа райы  мен жер үйінділерінің жай-күйіне байланысты аяқталатын болады. Жалаулы ауылының маңына келгенде қар түріндегі жауын-шашын байқалмады. Ауылдағы су өткізетін құрылыстарына қарай еріген суды бұрып әкететін арналар тексерілді (ұзындығы 1,5 км). Су өткізетін құбырлар толық көлемде тазаланды. Шолақсор ауылының маңында да қар түріндегі жауын-шашын жиналмаған, елді мекенде су басу қатері бар қар қоры қалмаған. Ауылға кіретін жолда еріген судың жолға көтерілу қатері жоқ, өйткені жөндеу жұмыстары аяқталды. Диаметрі 1,5 метр 2 құбыр салынған, ұзындығы екі шақырым жолдың деңгейі көтерілді. Бұл мақсатқа облыстың бюджетінен 43,2 млн теңге бөлінді.



Жалпы алғанда аудан бойынша көктемгі кезеңде ТЖ алдын алу және жоюға 100 тонна интертті материал, 100 тонна шлак, 5000 қап сыйымдылықтары дайындалды. Еріген суды сорып алу үшін 10 мотопомпа, 5 ассенизатор және 8 жылжымалы сорғыш станциясы бар. Елдімекендерден 5 277 тонна қар шығарылды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларының жоспарына сәйкес су тасқыны күрделенген жағдайға Ақтоғай ауданында ТЖ департаменті күштері мен құралдарының топтамасы қарастырылған. Қазіргі уақытта елді мекедерді су басу қауіпі жоқ. Сілеті су қоймасының суды жіберу тұрақты бақылауда.

 

Фото: ТЖД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам