Бұл туралы ХОК баспасөз қызметі хабарлады деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Олимпиада және Паралимпиада ойындары жеңімпаздарына 250 мың доллар, күміс алқаға – 150 мың, қолаға- 75 мың доллар сыйақы беру қарастырылған.

Спорт түрінен Қазақстан Республикасы құрама командасының халықаралық спорттық сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, бапкерлер мен команда мүшелеріне осы көрсетілген ақшалай сыйақы көлемі бекетілісін,-делінген құжатта.

Бұған дейін коронавирус індетінің таралуына байланысты 2020 жылы Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылғанын хабарлағанбыз. Сонымен қатар еліміз бойынше ешқандай спорттық шара өтпейтіні айтылған.

pavlodarnews.kz

Тэги: