Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов мәлім етті.

- Екібастұз қаласы биыл облыстық География үйі және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің тарих кафедрасымен бірге өлкетану бойынша жаңа жобаны жүзеге асырмақ, - дейді Ернұр Дәуенов. – Археологиялық экспедицияның құрамына алғаш рет жоғары сыныптың оқушылары қабылданады.

Еске сала кетейік, екі жыл бұрын Павлодар қаласы технологиялық колледжінің «Ақ барыс» әскери-патриоттық экспедициясы Лебяжі ауданы Бесқарағай ауданының Байқадам елді мекенінен жоңғарлар шапқыншылығынан қалған садақтың ұшы мен 17 ғасырдағы зеңбіректің тұтқасын, көпес Серпиневтің үйінің қыш тақташасын тауып алған болатын.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz