Бұл туралы Ақсу прокурорының орынбасары Әлібек Шөкеев айтып берді.

    -Мен құжаттарды тексеру кезінде 1909 жылы туған қарт адамның пәтерді сатқанына таң қалдым, себебі оның жасы 100-ден асып кетті ғой. Бір қызығы, қайтыс болғаны жайында анықтама еш жерде тіркелмеген болып шықты. Содан кейін біз әжені іздеуге кірістік. Ол қарттар үйінде тұратыны анықталды. Оның еш туысы болмаған, сондықтан пәтер қалалық қаржы бөлімінің меншігіне ауысқан. Тергеу кезінде сатып алу мен сату туралы құжаттардың жалған екені және бұл іске әділет басқармасы қызметкерінің қатысты бар екені белгілі болды, - дейді Әлібек Шөкеев.

Ақсу қалалық сотында 31 жастағы газдан құтқарушы Азамат Мұқұшев пен бұрын әділет басқармасында жұмыс істеген 26 жастағы Ақмарал Исаханованың жасаған алаяқтығы жөнінде іс қаралды. Тергеу болжамына сәйкес, Исаханова 2014 жылдың желтоқсанында Мұқұшевке жалған құжаттарды дайындауға көмектескен.

Сондай-ақ бұл іске «жеке тұлғасы анықталмаған Боря есімді» азаматтың қатысы бар.

Боря 2015 жылдың қаңтарында жалған сатып алушының атынан Ақсу қаласының қаржы бөліміне өтініш берген. Бұл ретте, ол меншік иесінің пайда болуына байланысты пәтерді иесіз баспана ретінде есептен шешуді сұраған.
2017 жылдың ақпанында алаяқтар пәтерді зейнеткерге бес миллион теңгеге саптақ болған. Ақыры, 4,5 миллион теңгеге келісіп, Азамат Мұқұшев пен зейнеткер келісімшартқа отырған. Кейін сараптама нәтижесінде қолтаңбаның жалған болып шыққаны анықталды.

Осылайша, алаяқтар қалалық қаржы бөліміне 2,7 млн теңгеге шығын келтірген. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, 2015 жылы Царев көшесіндегі бір бөлмелі пәтер құны сол ақшаға бағаланған.

Сотта Азамат Мұқұшев пен Ақмарал Исаханова тағылған айыптарын жасырмады. Олар өз кінәсін толық мойындап, алданған адамдарға материалдық шығынның бір бөлігін төлеп, келісімге келген.

Нәтижесінде сот ер азамат пен әйел адамды 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып, алаяқтықтың құрбаны болғандарға қалған материалды шығынды өтеуді міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz