- Күні кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған болатын, - дейді «Жасыл ел» Павлодар облыстық штабының басшысы Абай Уахит. – Әлеуметтік желілерде көріп отырсаңыздар, коронавирус індеті кеңінен таралған елдер медициналық қызметкерлерге көмектесуге әскери қызметкерлерді шақыру тәжірибесі бар екенін көрсетеді. Соған байланысты әскери-техникалық мектепті тәмамдаған достарым да көмек қолын созуға дайынбыз деп өз ниеттерін білдіруде.

Аумақтық әскерлерін жасақтау үшін кімдер шақыртылатыны айқындалды. Дегенмен, Абай Уахиттің айтуынша, кез келген қазақстандық студент Отанға қажет болса қызмет етіп, қоғамдық тәртіп сақтауға атсалысуға дайын.

Айта кетейік, төтенше жағдай туралы заңға сәйкес, 2 сәуірде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыратын жарлыққа қол қойды. Мұндағы мақсат – халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Президент, Қасым-Жомарт Тоқаев, әскер, жастар