Кәмелеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық органдар Светлана Омельинаға қатысты ҚР ҚК-нің 140-бабы, 2-тармағына сәйкес іс қозғады. 

- Ол өзінің кінәсін жартылай мойындады. Айтуынша, бала оның киімін ластаған. Логопедтің ақыл-есінің дұрыстығы тексерілуде, - дейді Екібастұз қаласының прокуроры Берік Адамов.

Прокуратура өз кезегінде балаға қатысты психологиялық әдістер мен түзеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді. Алдағы уақытта бүлдіршін Екібастұздағы № 13 мамандандырылған түзету балабақшасына барады деп жоспарлануда.

Еске салайық, әлеуметтік желіде үш жасар баланы желкесінен ұрып сабақ оқытқан логопед туралы видео пайда болған. Мұндай жағдайды алғашқы болып оның әжесі байқаған. Келесі сабақта баланың анасы Анастасия Безукладникова бөлмеге жасырын камера орнатып, видеоны прокуратураға апарған.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz