Бағира Үмбетқұлова бірер күн бұрын «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына хабарласып, тігін машинасымен көмек көрсетілсе екен, деген тілегін білдірген. Партия өкілдері ананың сауапты іске үлес қоспақ ниетін құп көріп, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қол машинасын, сонымен қатар, көпбалалы отбасына арнап азық-түлік жиынтығын жеткізді.

- Өтінішім жерде қалмағанына ризамын, - дейді Бағира Үмбетқұлова. - Кеше қаладан 2 метр мата алғызып, іске кірісуге әзір отырмын. 1 метрден 10 маскадай шығады, әрбірін 150-200 теңге шамасында сатып, матаға жұмсалған ақшаны қайтарсам, сол да жеткілікті маған. Ел басына күн туған қазіргідей шақта осылайша бір-бірімізге көмектесіп, жұмылуымыз қажет. Маскалардың бағасын шарықтатып отырған жандарға айтарым осы, сауапты іс жасайық!

Көпбалалы анаға тігін құралын «Аналар кеңесі» аудандық қоғамдық ұйымының төрайымы Баян Тоқсанбаева ұсынған.

Айта кетейік, отбасы осыдан сегіз жыл бұрын Павлодар ауданының Заңғар ауылына Ташкенттен көшіп келген.

Сандуғаш Сапарқызы

pavlodarnews.kz

Тэги: