Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, электр қалқанындағы сымдардың тұйықталуы салдарынан 0,5 метр аумақ жанған.

Кезекшілік бөліміне хабарлама сағат 11.54-те түсіп, 12.37-де толығымен сөндірілген.

- Оқиға орнына бір автоцистерна мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - деді департаментте.

Бұдан басқа, бүгін таңғы сағат төртке қарай Павлодар-Шарбақты тас жолында, Теміржолшылар кентіне қарай бұрылыста жол көлік оқиғасы орын алған. Нәтижесінде медициналық апаттар орталығы жол апатынан зардап шеккен бір адамды № 1 қалалық аурухаға жеткізіп, амбулаторлық ем тағайындалған.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz