Оқиға 12 мамыр күні Хэнань провинциясының Ланькао уезіндегі ауруханада болған, деп хабарлайды Baq.kz vesti.ru-ға сілтеме жасап.

Екеуара сөзге келіспей қалған дәрігерлер тура ота жасау бөлмесінде төбелескен. Жанжалдасып қалған әйел мен ер адам. Екеуі дауласып тұрады. Бір кезде ер адам әйелдің бетіне қолына киіп жатқан қолғабын бірақ лақтырады. Әйел де қарап тұрмай, қарсыласына бірінші болып қол жұмсайды. Қарсыласының қолы тиген соң ер адам да әйелді ұрып, құлатып тастайды. Оларды жанында тұрған дәрігерлер арашалап алады.

Басылымның мәліметінше, жанжалдасып қалған екеуі романтикалық қарым-қатынаста болған. Ер адам медбикеге ота жасау кезінде қателігін көрсетіп, ескерту жасаған. Ал әйел адам болса өзінің дұрыс істеген айтып, оның ескертуіне қарсылық білдірген.

Қазір аурухананың басшылығы мен полиция осы оқиғаға қатыстьы тергеу жүргізуде.

pavlodarnews.kz