Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жұмыс отырысына Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысты.
 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, Павлодар облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру үшін 43,2 миллиард теңге қарастырылған.

- Бағдарламаны жүзеге асыру әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инженерлік-көлік инфрақұрылымы объектілерін қайта құру және жөндеу, сондай - ақ елді мекендерді абаттандыру есебінен жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді, - деп мәлімдеді баяндамашы. - Облыста барлығы 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

 
Қосымша 700 миллион теңгеден астам қаражатты коронавирус ауруымен ауыратындар анықталған жағдайға онкологиялық диспансер мен орталық аудандық ауруханалар үшін медициналық жабдықтар сатып алуға бағыттау шешілді. Өңір қажеттілігі үшін бірден 20 өкпені жасанды желдету аппараты мен 10 төсек жанындағы мониторлар сатып алу жоспарлануда.

- Қазіргі жағдайда бұл – коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда жұмыс істеу үшін ең қажетті жабдықтар, - деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов. - Бүгінде өңірде 128 өкпені жасанды желдету аппараты бар, қосымша қажеттілік – 56 аппарат. Біз 20 өкпені жасанды желдету аппаратына қаржы салудамыз. Тағы 8 аппарат жалпы сипаттағы трансферттер есебінен сатып алынатын болады.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Павлодар облысында кредиттік тұрғын үй салу үшін 6 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Павлодардың «Достық» және «Сарыарқа» шағын аудандарында 16 тұрғын үй салынып, 500-ден астам пәтер пайдалануға берілмек.


Фото: Валерий Бугаев
 
 
 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk