Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312,89 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 18 мамырда доллар бағамы 313,53 теңге болған. Таңғы сауданың бірінші келісімі 312,4 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 313,4 теңге. Сауданың жалпы көлемі 38,45 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312.3-313,9 аралығында. Мұнай бағасы 19 мамырда Астана уақытымен 11.08-де сәл көтерілді. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,93 доллар болды.

pavlodarnews.kz