64 келіде жұдырықтасқан Қуан Қуатов жартылай финалда Өзбекстан өкілі Алиор Нұралиевтен ұтылды. Ал 69 келіде өнер көрсеткен Илья Очкин шаршы алаң иесі Тамерлан Абдуллаевқа есе жіберді. Сондай-ақ, отандасымыз Сұлтан Зауырбек те (60 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Ислам ойындарынан Қазақстан құрамасына екі алтын, үш қола медаль бұйырды. Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) мен Азат Махметов (52 келі) өз салмақтарында чемпион атанды. Азат финалда марокколық боксшының осал тұсын тапса, Тұрсынбай Рио Олимпиадасында Жәнібек Әлімханұлының жолын кескен әзірбайжандық Камран Шахсуварулынан басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, ел қоржынына жүлде салған жерлестеріміз Қуан Қуатов пен Илья Очкин бокстағы алғашқы қадамдарын Екібастұзда бастаған. Олар қазір Павлодар қаласындағы бокс федерациясы базасындағы білікті бапкерлердің қарамағында жаттығады

Фархат Әміренов.

Сурет Азамат Мақажановтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

pavlodarnews.kz