Іnstagram әлеуметтік желісіндегі tipavlo парақшасында тәртіп сақшыларының қару тақап, ер адамды ұстағаны жайында видео пайда болған.

Агенттіктің ресми сауалына облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі келесіні хабарлады:

Павлодар қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және есірткі бизнесімен күрес бөліністерінің қызметкерлері есірткі затын сақтады деген күдікпен 45 жасар қала тұрғынын ұстады. Тінту кезінде одан салмағы 1,8 грамм «героин» есірткі заты алынды.

Айта кетейік, ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлімі – «аса ірі көлемде есірткі затын сақтау» бойынша тергеу амалдары басталды.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz