«Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2002 жылы туған орталық жастары тараздық футболшылармен 1:1 есебімең тең тарқасты. Бір қызығы, бұл ойында екі голды да тараздықтар салды. Оның бірі - павлодарлықтардың, екіншісі абайсыздықпен өз қақпаларына түсті.

Алаң иелері матч бойы допқа көбірек иелік етіп, ондаған тамаша мүмкіндікке ие болды. Алайда оның тек біреуі ғана голға айналды. Оңтүстіктің жастары 17-минутта есеп ашты, Әбдеш мергендік танытты.

Бірінші таймның соңына қарай павлодарлық Рогальский оң жақ қапталдан өтіп, айып алаңына пас шығарды. Тараздың футболшысы Қожамұратов қателікке бой алдырып, өз қақпасына гол соғып алды.

Айта кетейік, кеше «Ертіс-2002» «Тобыл-2002» командасын 2:0 есебімен ұтқан болатын.

Абзал Қабдраш
Сурет «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметінен алынды

pavlodarnews.kz