Қазақстанның барлық облыстары әкімдерінің мүгедектер жөніндегі кеңесшілері шағын мобильді топтың қолжетімділігін тексерді. Ғимаратқа кіреберісте мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, сондай-ақ арбамен жүретін аналарға арналған сыйымдылығы 500 келі көтеретін құрылғы орналасқан.

- Біз пандустардан бас тартамыз, - дейді ЖШС директоры Гүлбану Сейтенова. – Ғимаратта лифті бар, есіктері кең, табалдырығы жоқ. Бұдан басқа, жарымжан жандарға арнайы санитарлық торап бар. Орталықтан шықпай-ақ басқа бір көтеретін құрылғының көмегімен дәріханаға барып, кері қайтуға болады.



«Фора.kz» ЖШС-нің бас директоры Нұрболат Сәрсембиннің айтуынша, құрылғыны орнатпас бұрын сарапшылар ретінде мүгедектер шақырылады. Олар тестілеуден өткізіп болғаннан кейін өзгертулер енгізіледі және өздерінің тілектерін айтады.

- Барлығы ұсақ-түйекке дейін ойластырылған, - дейді Алматы облысы әкімінің мүгедектер жөніндегі кеңесшісі Роза Ақжаркенова. - Төмен қарай түскенде мен өзімді қауіпсіз сезінемін. Басшылық тарапынан барлық жағдай жасалып жатқаны бірден көрініп тұр. Біздің өңірде мемлекеттік құрылымдарда қолжетімділік бойынша қиындық жоқ. Тек қана жеке меншік нысандарда кездеседі. Мұнда әуежайда орналасқан шағын арба мені қатты таң қалдырды және темір жол сапаржайындағы көтеретін құрылғы ұнады. Осы жағдай туралы Алматы облысының басшылығына айтатын боламын.

Облыстық үйлестіру және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балтабай Қаппасовтың айтуынша, біздің өңір көршілермен тәжірибе алмасуға қауқарлы. Таяу арада барлық мемлекеттік мекемелер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болмақ.

Ведомство басшылығы жеке меншік иелері де бұл іске қосылатындығына сенімді.

- Біз аралап шыққан нысандардың барлығы жарымжан жандар үшін қолжетімді, - деді вице-министр Светлана Жақыпова. – Тәжірибе алмасу бойынша республикалық семинар үшін Павлодар тегін таңдалып алынбаған. Себебі, республика бойынша қолжетімділік картасына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижесінде бұл өңір бірінші орынды алады. Біз қызмет көрсетуді ұйымдастырумен, медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысымен таныстық. Павлодар облысының тәжірибесі бұл мәселенің басқа өңірлерде сәтті жүзеге асырылуына оң әсер етеді деген ойдамын.

Томирис Бекжан

Суретті түсірген - Наталья Зинченко

pavlodarnews.kz