«Жас сарбаз» облыстық филиалының басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешіміне қолдау білдірді.

- Қазақстан Республикасының азаматы, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелейтін педагог ретінде аталған бастаманы толықтай қолдаймын, - деді Жасұлан Қожанов. – Бұл мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін нығайтады. Әрбір сарбаз кез келген уақытта Отанға қызмет етуге әзір тұруы тиіс.

Жасұлан Қожанов атап өткендей, еліміз бен бүкіл әлем үшін күрделі заман туғанда павлодарлық жастар болып жатқан оқиғаға бейжай қарамай, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайды.

«Жас сарбаз» балалар және жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ аясында Павлодар облысы бойынша 218 әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді. Олардың құрамында 6881 оқушы бар.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Президент, Қасым-Жомарт Тоқаев, әскер, жастар