Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Рейсті күтіп алғандардың барлығы арнайы қорғаныс костюмдерін киген, - деді баспасөз қызметінде. - Елге оралғандардың температурасын өлшеп, коронавирус белгілеріне тексерді. Сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтап, арнайы сауалнама жүргізілді. Жолаушылардың сырт киімдеріне дезинфекция жасалғаннан соң автобустармен карантин орнына жеткізілді. Сондай-ақ олардың жүктеріне де тазарту жұмыстары жүргізілді. Жолаушылар жүктерін карантиннен шыққаннан кейін ғана ала алады.

Түркиядан келген қазақстандықтар алдағы уақыттарын карантинде өткізеді. Бүгін оларды арнайы дайындалған мекемелерге жатқызды. Бұл жерде әр адамға медициналық сараптама жасалады, оның нәтижесі 1 тәулікте белгілі болмақ. Егер COVID–19 анықталған болса, пациентті бірден инфекциялық стационарға жеткізіп, боксқа оқшаулайды.

Жолаушыларды тасымалдауға жұмылдырылған ұшақ пен барлық көліктерді, яғни автобустар мен жедел жәрдем машиналарына да дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.  

- Бұл Қазақстанға азаматтарды шет елден әкелген алғашқы рейс емес. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларына арнайы ұшақтар отандастарымызды жеткізген еді, - деді әкімдікте.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk