-Бұл өте пайдалы әрі өте қажетті форум, - деп атап өтті Руслан Мамедов. - Жастарға өз идеяларын жүзеге асырып, оны дамытуға және қаржылай қолдау табуға көмек береді. Бірақ еңбек нарығындағы білімді жетілдіру керек. Барлық жоба авторлары клиенттерге не керектігін біледі, алайда ақшаны қалай дұрыс жұмсау керектігін есепке ала бермейді. Университеттегі стартап академияда өз біліміңді жетілдіруге барлық жағдай жасалған. Мен мұнда оң нәтиже байқадым. Көптеген студенттердің кәсіпкерлік білімі бар, тіпті, бізде ондай жоқ. Павлодарлық әріптестерден үйренеріміз көп, оны жасырмау керек. Бұл - Павлодар мен Мәскеу арасындағы баға жетпес тәжірибе. Павлодар – болашақ кәсіпкерлер қаласы деп 100 пайыз сеніммен айта аламын. Осы өңірдегі жастар бизнеске өте жақын.

Еске салайық, биыл дәстүрлі «Бipлiк-Единство.kz» халықаралық форумына бес мемлекеттен 200 делегат келген болатын. Бүгін С. Торайғыров атындағы ПМУ-де Start-up battle конкурсының финалы өтуде. Ақтық сында сегіз жоба сыналып, үздік атанғандар бір миллион теңгелік қаржылай қолдауға ие болады.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz