- Құрметті Павлодар обысы тұрғындары!,  - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Біржан Досмаилов.  - Өздеріңіз білетіндей, әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты кеше Павлодарға Түркиядан 102 Қазақстан азаматы келді. Барлық 102 қазақстандық карантиндік госпитальда оқшауланды, олардың ішінде Павлодар облысы мен шекаралас облыстардың тұрғындары да бар.

Сонымен қатар Біржан  Досмаилов барлығына сараптама жасалып, олардың нәтижесі бүгін белгілі болғанын мәлім етті.

-  Қуанышымызға қарай, отандастарымыздың ешқайсысынан COVID-19 белгілері табылған жоқ. Қайталап айтамын, отандастарымыздың барлығының дені сау. Және де бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады. Өзіңіз бен отбасыңызға қорған болыңыз, - деді басқарма басшысының м.а.

 

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk