Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, екі шаршы метр аумақта үй заттары жанып, жоғары температураның әсерінен балконның пластикалық есігі балқып кеткен.

- Өрт сөндірушілер пәтерге екінші қабаттың балконына орнатылған үш иінді саты арқылы кіріп, жеті минуттың ішінде сөндірді. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - дейді департаментте.

Оқиға орнында жеке құрамнан бес техника мен 13 адам жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Шығыс өндірістік аймағында жеке орналасқан кірпіш саунаның қабырғалары мен төбенің ішкі ағаш қаптамасы өртенген.

Жалпы көлемі 9 шаршы метр аумақ жанып кетті. Өрттің шығуына жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған.

Аталмыш фактілерге  қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал полиция бөліміне тапсырылды. 

 

Фото. ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам