Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов 103 қызметінің коронавирустың алдын алу және күресу жағдайындағы жұмысымен танысты

Жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Қанадан Ахметжановтың айтуынша, дезинфекциялаушы дәліздің тиімділігі 100 пайызды құрайды. Арнайы қондырғы бірінші кезекте медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қажет.

- Бізді коронавирус инфекциясына күдікті пациенттерді тасымалдауға арналған обаға қарсы костюмдермен және капсуламен қамтамасыз етті, - деді бас дәрігер. - Капсула емделушіге кез келген тыныс алу жабдығын қосуға болатындай етіп жасалған. Осы арнайы жабдықтармен іс-қимыл жасау жолдары пысықталды.

Бүгінде Павлодардың 103 қызметі 1,5 мың қоңырауды қабылдай отырып, тәулігіне 750-ге дейін қоңырау бойынша қызмет орындайды. Өңірдің көптеген тұрғындары коронавирус инфекциясы мәселелері бойынша кеңес алу үшін қоңырау шалады.

Күрделі кезеңге қарамастан, жедел жәрдем станциясы негізгі көрсеткіштердің бірін жақсартты – қала ішінде жеделділіктің бірінші санатындағы шақыруларға жету уақытын 7 минутқа дейін қысқартты. Қала сыртындағы жолдарда жол-көлік оқиғаларына келетін болсақ, оқиға орнына жету уақыты 12 минутты құрайды.

- Біз барлық қала сыртындағы бағыттарды 50 шақырымдық бөліктерге бөлдік, олардың әрқайсысында барлық қажетті заттармен жабдықталған жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді,- деп атап өтті Қанадан Ахметжанов. – Яғни, бір апатқа біз түрлі нүктелерден екі-үш көлік жібере аламыз.

Павлодар облысының әкіміне алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрететін симуляциялық орталық пен компьютерлік оқыту сыныбы көрсетілді. Жедел жәрдем станциясының базасында өткен жылы 4,5 мыңнан астам адам, оның ішінде полицейлер, педагогтар мен басқа да сала қызметкерлері арнайы оқудан өтті

Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақовқа 103 қызметінде қолданылатын медициналық құрал-жабдықтарды таныстырды. Бұл - пациенттің жағдайын бақылау үшін қолданылатын монитор, видеоларингоскоп, тасымалды УДЗ аппараты, қышқыл-сілтілік күй анализаторы, электроэнцефалограф және т.б

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk