Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аймақтық департаменттің баспасөз хатшысы Айнұр Сәдуақасова хабарлағандай, Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі Ержан Теміржанов мемлекеттік сатып алу рәсімін бұзған.

- Екі ауылда ескерткіштерді жөндеуге және аумақты абаттандыруға мемлекеттік сатып алу мердігермен келісімшарт жасалмастан жүргізілген, - деп атап өтті баспасөз хатшысы. - Тексеріс нәтижесі ескерткіш аумағында қоршаудың тізбектері сатып алынбағанын және ескерткіштегі мәтіннің шрифті сметада көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмегенін көрсетті.

Жалпы жұмыс көлемі 289 189 теңгеге орындалмаған болып шықты.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Успен ауданының әкімі Николай Дычкоға өзінің ауылдық әріптесін тәртіптік жауапкершілікке тартуды және оған қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жариялауды ұсынды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам