Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қаланың негізгі көшелерінде көліктердің қозғалысы едәуір төмендегенін көрсеткен.

Полиция мәліметі бойынша, бүгін таңғы сағат 8 – 9 аралығында бейнебақылау жүйелерімен тіркелген көліктер саны 4 836 құраған.
Негізінен Алматы шығыс айналма жолы арқылы өтетіндер тіркелген. Яғни Райымбек – Саин, Сейфуллин – Жансүгіров, Төле би – Розыбакиев көшелері, барлық бағытты қоса алғанда. 11 наурыздағы осыған ұқсас уақыт аралығында көлік саны 19 мың 546 бірлікті құрады.

Бұған дейін қалада 35 бақылау-өткізу бекетінің ұйымдастырылған. Барлығы бір тәулікте 18 мың 798 көліктің қала ішінде жүру құқығының бар-жоғы тексерілгендігін хабарлаған болатынбыз, - дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік Полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Қаладағы аудандық ПБ-на қалада себепсіз жүргені үшін 128 жүргізуші жеткізіліп, 30 автокөлік айыппұл тұрағына қойылған.

pavlodarnews.kz

Тэги: