- Ертең жауын-шашын жаууы мүмкін, - деп хабарлады «Қазгидромет» аймақтық филиалының метео болжау бөлімінің бастығы Оксана Овсянникова. - Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23-28, 30 метрге дейін соғуы ықтимал.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, күндіз ауа температурасы 5...10 градус, түнде 0...5 градус жылы болады, облыстың батысында 3 градус аяз күтіледі.

Сонымен қатар, облыс орталығында ертең күндіз жауын-шашынсыз, температура 7...9 градус жылы, түнде жаңбыр жауып, 0...+2 температура болады.

Ауа райындағы мұндай өзгерістерді - қар аралас жаңбыр мен түнде елдің оңтүстік-батысынан минус температураларды атлантикалық циклон алып келеді.

Келесі күндері аралас жауын-шашын болуы мүмкін. Температура түнде 0..5 аяз, күндіз + 5...+10.

- Екінші онкүндіктің басталуымен ауа температурасы түнде 0... + 5, күндіз + 9 болады. Кей жерлерде 18-ге дейін күн жылынады, - деп нақтылады Оксана Овсянникова.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам