Ertis ФК сайтында Atameken-Aydit ЖШС тәуелсіз компаниясы клубтың 2017-2019 жылдар ішіндегі қызметіне аудит жүргізгені туралы ақпарат жарияланды. Оған сәйкес, клуб жұмысында көптеген ереже бұзушылықтар анықталған.

Айталық, Ertis ФК салық есебінің дұрыс жүргізілмегені, соның салдарынан клубтың салық бойынша берешегі 973,9 млн теңгеге жеткені мәлім болды. Оған қоса, клуб жаттықтырушылар мен футболшыларға 379,5 млн теңге сомаға сметадан артық мөлшерде айлық төлеген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аудиторлық тексеріс материалдары прокуратураға жолданды және бұл бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жақында Ertis ФК өкілдерінің әлемдегі коронавирустық инфекцияға қатысты жаттығуларды тоқтатып, окладтарды минималды жалақыға дейін қысқартуға қатысты хатқа жауап берген. Онда өңір басшысы футболшыларға шыдамдылық танытуға шақырды.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Ertis ФК, Ертіс ФК, футбол, ҚПЛ, Премьер-Лига