«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының дауылды ескертуіне сәйкес, 7 және 8 сәуір күндері облыс аумағында желдің күшеюі 15-20 м/сек, кей жерлерде 23-28 м/сек., екпіні 30 м/сек. дейін барады.

- Құрметті облыс тұрғындары! 8 сәуірде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын, түнде 0-8 градус аяз болады. Су тасқыны мен өрт жағдайының күрделенуі мүмкін, - дейді департаментте.

ТЖ департаменті жеке қауіпсіздікті сақтауды, мүлікті сақтау бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам