- Қашықтықтан оқыту режиміне 10-нан астам бейнесабақ пен мастер-кластар дайындалды, - дейді мектеп басшысы Александр Зозуля. - Осылайша мектеп ұжымы Ертіс өңірінің 720-нан астам оқушысы мен балаларына қосымша техникалық білім алуға қолжетімділікті, пәтерден шығуға және адамдар көп жиналатын жерлерге баруға шектеу қойылған кезде өзіне сабақ алуға мүмкіндік берді. «Онлайн сабақтарды әзірлеу авто, кеме, авиамоделдеу, робототехника, «Әскери техника», «Жалпы техникалық үлгілеу» шеберханалары, «Distudio», «Флора», «Сувенир», «Шеберқолдар», «Радуга» студиялары үшін жалғасын табады. Бұл өңір балаларына техникалық шығармашылық бағдарламасын меңгеруге көмектеседі.

Мектеп басшысы педагогтармен безендірілген бейне сабақтар балаларға техникалық шығармашылықтың ғажайып әлеміне енуге көмектеседі және ата-аналармен де бірге сабақ өткізуге болатынын атап өтті.

- Мектеп тәрбиеленушілері «Туған жер», «Еуразия жұлдыздары» шығармашылық жобасының «Радуга детских талантов» халықаралық және республикалық байқаулары мен фестивальдарына қатысу үшін дайындық жүргізеді, - дейді Александр Зозуля. - Спорттық-техникалық шеберлік бойынша жарыстарға да қатыспақпыз. Себебі мектеп осы байқауларда жыл сайын жүлделі орындарға ие болуда.

Фото: Айгүл Жүсіпова

pavlodarnews.kz

Тэги: