Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі Prosports.kz порталы Tmz.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды деп жазды.

Мен ол аралды екі айға жалға алдым. Біз ол жерде апта сайын жарыстар өткізетін боламыз. Бірнеше күн ішінде аралдағы қауіпсіздік шараларын жүргізетін боламыз. Қазіргі кездк жекпе-жектерді өткізу үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр, - деді UFC президенті.
Аралға спортшылар жеке ұшақтармен жеткізілетін болады. Аралдың әзірге нақты қай жерде екені белгісіз.

UFC 249 турниріне қатысатын барлық спортышлар коронавирусқа тест тапсырады.

Бұл кеште Тони Фергюсонның Джастин Гэтжиге қарсы жекпе-жек өткізетіні белгілі болған. Бұл кездесуде жеңіл салмақтағы уақытша чемпион титулы сарапқа салынады. Бұдан бөлек, Джессика Андраде мен Роуз Намаюнас арасында маңызды жекпе-жек өтеді. Бұл кездесуді қос қарсылас арасындағы реванш деуге болады. Өткен жылы Джессика Намаюнасты нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақтағы чемпион атанған болатын.

UFC 249 турниріндегі жекпе-жектердің толық тізімі:

Джастин Гэтжи — Тони Фергюсон;

Джессика Андраде — Роуз Намаюнас;

Грег Харди — Йорган Де Кастро;

Висенте Луке — Нико Прайс;

Кэлвин Каттар — Джереми Стивенс;

Жаирзиньо Розенструйк и Фрэнсис Нганну;

Юрая Холл — Жакаре Соуза;

Александр Эрнандес — Омар Антонио Моралес;

Марлон Вера — Рей Борг;

Майкл Джонсон — Хама Ворти;

Сиджара Юбэнкс — Сара Морас;

Райан Спанн — Сэм Алви.

pavlodarnews.kz

Тэги: