Өңірдің кәсіподақтық көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырған үндеуін толықтай қолдайды.

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың коронавирус пандемиясы мен әлемдік экономикалық дағдарыс тақырыбындағы «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласындағы ойлар жасампаздыққа бастайды, - дейді Динара Айтжанова. – Еліміз бен жалпы әлем үшін қиын-қыстау заманда біздер, қазақстандықтар, болашақ өмір үшін бір жұдырықтай жұмылуымыз қажет. Күн сайын еңбеккерлер жұмыс орындарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұруда.

Динара Айтжанованың пікірінше, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан теңдессіз қолдаудың арқасында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмыскерлері әлеуметтік көмекпен қамтылуда.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев, мақала, Динара Нұржанова, кәсіподақ