- «Жақсы аттың артынан құнан ереді, жақсы жігіттің артынан ұлан ереді» - демекші, Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласымен танысып шыққан бетте-ақ көңілімді ерекше бір қуаныш кернеді, - дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы. - Осындай қиын-қыстау заманда ауызбіршілік пен сабыр сақтауымыз қажет екені рас. Ата-бабамыздан қалған даналық пен толеранттылық сияқты қасиеттер, «Сабырлыдан - дұшпан сасады, сабырсыздан – береке қашады» деген қанатты сөз орынды деп ойлаймын. Біз, ардагерлер өскелең ұрпақты бұл қиын уақытта мойымауға шақырамыз. Дүниежүзі бойынша болып жатқан кесапат адам баласын ойландырады деп ойлаймын.

Сондай-ақ, Кенже Кеңесбаев Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде жасалып жатқан қатерге қарсы шаралардың барлығы дұрыс екенін тілге тиек етті.

pavlodarnews.kz

Тэги: