Білім беру мекемесі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мұндай тамаша тегін білім алу мүмкіндігін Оңтүстік Кореяның Underwood International College, Yonsei University, Woosong University және Гонконгтың The University of Hong Kong ұсынған. Сондай-ақ павлодарлық оқушыға АҚШ-тың University of Delaware, Қытайдың New York University Shanghai және Ұлыбританияның University of Westminster сияқты әлемге әйгілі оқу орындары қызығушылық танытып отыр.

Мектеп оқушысы алғашқы грантын 2019 жылы Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында өткен «Young Scientist» Халықаралық ғылыми жобалар сайысында 1 орын иегері атанғанда  жеңіп алған.



- Шынымен қуанышымда шек жоқ. Осыншама уақыт аралығында қолдау көрсеткен Зияткерлік мектебіме зор алғысымды білдіремін. Алған білімім мен дағдыларым мақсатыма қол жеткізуде негіз болды десем қателеспеймін. Аталған университеттер «Іnternational studies» бағыты бойынша өте сапалы білім беруді ұсынады. «Халықаралық қатынастар» мамандығында білім алып, келешекте дипломат ретінде жаһандану дәуіріндегі мемлекеттің дамуына үлесімді қоссам деген ниетім бар, - дейді Ислам.

Ислам Сүлеймен «Қазақстандағы сакралды туризмді дамыту» атты ғылыми жобасымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің желілік конкурсында 1 орынға, Ыстамбұл қаласында өткен «Тіл, білім және мәдениет» атты ІІ Халықаралық ғылыми конференциясында «Жылдың жас зерттеушісі» номинациясына ие болған.

«Sacred Tourism Kazakhstan» мобильді қосымшасымен Берлинде өткен ЮНЕСКО «Sustainable Tourism» конкурсында «Жылдың үздік жобасы» категориясы бойынша финалист атанды.

Сондай-ақ, зияткерлік меншік патентіне ие болған ол Ресейдің Қазан қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар сайысында 3 орынды иеленіп, облыстық «Жылдың start-up идеясы» конкурс-аукционында жеңімпаз деп танылды.

Еске сала кетейік, жуырда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Даяна Амандосова әлемдегі алты университеттің грантына ие болған еді. Болашағынан зор үміт күттіретін жас өренге New York University Shanghai, Georgetown University, Quinnipiac University, University of Miami, Мәскеудегі Жоғары Экономика мектебі және Назарбаев Университеті оқуға шақырту жіберген.

Ақбота Сейсенбаева

 

Фото: НЗМ

 

 

 


Ақбота Сейсенбаева

Фото: НЗМ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам