- Елбасымыз өмірдің басты байлығы адам екенін, тіршіліктің басы отбасынан, қариялардан басталатынын атап өтті, - дейді Бақытжамал Максилова. - Шынымен де осы мақала төтенше жағдай кезінде жастарға қандай үлгі береміз, оларға қалай көмек көрсете аламыз деген ой туындайды. Елбасы бізге тек қана қамқорлық емес, сондай-ақ талап қойғандай.

Бірлестік төрайымы бұл сынақ кезеңі отбасы мен түрлі маман иелерінің қадірін білуге себеп болғандай екенін айтады.

- Бұл да бізге сабақ болып отырған тәрізді, - деп түйіндеді өз сөзін Бақытжамал Максилова. - Нұрсұлтан Әбішұлы Президентіміздің халыққа көрсетіп жатқан көмегі жайлы айқын айтты. Сондықтан осындай қолдау барда халқымыз бұл індетті жеңіп шығады деп сенемін.

Сондай-ақ Елбасының әрбір сөзін мұқият тыңдап, үйде болуға және тәртіпке бағынуға шақырды.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk