-    Біз күрделі мәселенің шешімін табу үшін абыз ақсақалдардың кеңесіне жүгінетінбіз, - деді Ғабит Хафиз. – Басымызға іс түссе төрелік сұрап, би-көсемдердің ақылына құлақ асатын халықпыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев біріншіден, идеялық тұрғыдан Елбасы ретінде үндеді. Көпті көргеннен кеңесіне жүгіну – біздің жақсы қасиетіміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Президенттік посттан кеткелі 1 жыл ғана өтті. Ол адамның салмақты беделі, саяси тұлға ретінде орыны бөлек.

Ғабит Хафиздің айтуынша, үндеудің екінші себебі, ол – ҚР Тұңғыш Президенті. Мақала мазмұны ауызбіршілік пен ынтымақтастық идеясына, әрі стратегиялық ойларға толы.

-    Осы тұста Елбасы еліміздің негізі партиясының жетекшісі ретінде үндеу жасады. Бұл – үшінші себеп. Пандемиямен күрес – ортақ іс. Бұл жерде әркімнің позициясы маңызды. Мемлекетіміздің әр тұрғыны зор жауапкершілікпен, аса үлкен төзімділікпен аталған істе ауызбіршілік танытқаны маңызды.  Елбасы ҚР азаматы ретінде, танымал тұлға ретінде үндеу жасады. Бұл – ең қарапайым болса да, үлкен азаматтық позиция танытқан төртінші себеп.

«Jas Otan» төрағасы өз пікірінде аталмыш үндеу – үлкен идеологиялық маңызды құжат екенін атап өтті.

-    Өзінің теңдессіз тәжірибесіне сүйене отырып, ел басына күн туғанда халыққа үндеу жасап, «біргеміз» деп ниет білдірген Тұңғыш Президент үлгі болатын қадам жасады. Тәй-тәйлап басып, қадамын енді сенімді басып келе жатқан жас Қазақстанды қорғауға күш салу – оның негізін қалаған адам үшін заңды құбылыс және мәртебелі парыз. Осы ойымды мына бір сөздермен қорытындыласам деп едім: Әр ата-ана өз баласын өмір бойы қорғаштап өтеді. Елбасы да елімен бірге. Өз басым осындай үндеуді күттім. Мен ғана емес, ел күтті, - деді Ғабит Хафиз.

pavlodarnews.kz

Тэги: Елбасы, Үндеу