Қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың айтуынша, Нұрай Жамажан байқауға «Абай өлеңінің ерекшеліктері туралы» шығарма жазған.

- Ол өз шығармаларында «Ызалы жүрек, долы қол», «Малға достың мұңы жоқ» өлеңдерінде жазылған ақынның ерекше көңіл-күйі, әділдігі туралы тақырыпты аша алды, - дейді Балжан Әділханова. - Нұрай 1- сыныптан бастап түрлі облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып келеді. Өнер туралы әдебиетті, классиктердің шығармаларын оқығанды жақсы көреді. Сондай-ақ асық ату ойынымен айналысады. IV республикалық экологиялық «Птичий перезвон» байқауының, Ақсу қаласында өткен «В лесу родилась елочка и пусть она растет - 2016» қалалық акциясының, ағылшын тілі бойынша «British Bulldog» халықаралық жарысының және «Ақ бота» облыстық интеллектуалдық марафонының сертификаттарының иегері.

Оған қоса, «Менің арманым» халықаралық білім беру сайтының «Дар учителя» байқауында 2-ші дәрежелі дипломымен марапатталған. Және де II, III облыстық «Алтын асық» интеллектуалдық ойынының сертификаттарына ие болған.

pavlodarnews.kz

Тэги: