Ауданның ішкі саясат бөлімі хабарлағандай, «Nur Otan» партиясының мұрындық болуымен жақында 500 ауыл тұрғынына қажетті азық-түлік пен гигиена құралдары жеткізілді.

- Кәсіпкерлер, ұйымдар мен кәсіпорындар, депутаттар мен ауданның белсенді азаматтарының қолдауымен аз қамтылған ауыл тұрғындарына азық-түлік жиынтықтары, медициналық бетперделер мен антисептиктер үлестірілді, - деп хабарлайды ішкі саясат бөлімі.

Мәселен, акцияға қолдау көрсеткен облыстық мәслихат депутаты Сайлау Оразбаев үлкен көлемде мата сатып алып, бетперделер тігуді қолға алды. Оған қоса, кәсіпкер Жанар Смайылова 100 масканы еріктілерге тегін таратып берді.

Сонымен қатар, ауданның мәдениет, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен еріктілер бетперделер тігіп, өзге де көмек беруді жалғастыруда. Мысалы, ауданның «Добродей» клубының волонтерлері қарттарға дәрі-дәрмек жеткізу арқылы орталық аудандық ауруханаға көмек қолын созды.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk