Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қулығын асырмақ болған айлакерді полиция қызметкерлері лезде құрықтаған.

- 6 сəуір күні 35 жастағы павлодарлық азамат өзінің «Volkswagen Golf» автокөлігінде үш жолаушымен Семей қаласына өтуге тырысқан. Карантиндік постта тұрған полицейлер көлікті кері қайтарып, Павлодар облысының тұрғындарына ТЖ режимі кезеңінде облыс аумағынан шығуға рұқсат жоқтығын түсіндірді. Алайда полиция қызметкерлерінің талаптарына құлақ аспаған жүргізуші ШҚО-на қарай ауылдық төте жолмен тартып отырған. Сол жерде ұсталып кері қайтарылды, - дейді департаментте.

Сонымен қатар, павлодарлық тұрғынға Павлодар облысына кіру жəне шығу режимін бұзғаны үшін ҚРƏҚБтК 476-бабы бойынша əкімшілік өндіріс қозғалды. Сот қаулысымен 5 тəулікке əкімшілік қамауға алынды.

Блокпосттар 2020 жылғы 1 сəуірден сағат 00:00-ден бастап Павлодар облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында аймақтың барлық шегінде қойылған.

Полицейлер ТЖ режимін бұзу немесе тиісті талаптарға бағынбау үшін 1 АЕК көлемінде айыппұл немесе 15 тəулікке қамау түріндегі жаза тағайындалатынын ескертеді.

Облыс тұрғындарымен барлығы 166 бұзушылық орын алған. Оның 35-і бойынша құқықбұзушылар əкімшілік қамауға алынып, 96-сына айыппұл салынды.

 

Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk