Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, карантин режимін бұзған рестобар әл-Фараби даңғылында орналасқан. Бардың 10 қызметкері 12 қонаққа қызмет көрсеткен.

«Келушілер мен қызметкерлердің арасында екі кәмелетке толмаған бала бар. Олардың бірі даяшы болып жұмыс істесе, екіншісі ересек достарының қасында болды. Ұлдар 13 жаста. 22 адамға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны және санитарлық-эпидемиологиялық нормативтерді сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-тармағына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал кәмелетке толмаған екі баланың ата-анасы 422-баптың 2-бөлігі бойынша құқық бұзушылық негізінде жауапқа тартылады. Сонымен қатар, рестобар жұмысшыларының арасында шетелдік азаматтар да болған. Өзбекстанның үш азаматы да республиканың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 517-баптың 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – дейді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сонымен қатар, ол жауапқа тартылғандар арасында мекеменің басшысы 1992 жылы туған Ж.есімді азаматтың да бар екенін атап өтті.

«Қатысқандардың ешқайсысы карантин және қауіпсіздік шаралары туралы естімеген сияқты болып көрінді. Бұл кейбір жауапсыз азаматтардың пайда табу мақсатында қоғамға қауіп төндіретін түсінбейтіндігі және бизнесті денсаулықтан басымырақ қарастыратындығы алаңдатады. Төтенше жағдайлар мен карантинде мұндай фактілерге жол берілмейді.Кінәлілер заңға сәйкес жазаланады», – деді Әбілбеков.

pavlodarnews.kz

Тэги: