Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Евгений Губарев мәлім етті.

- Биылғы жылы 31 наурызда берілген Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жылдық мәнде 10 пайызға мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылардың, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің индексациялануы жүргізіледі, - дейді Евгений Губарев. - Бұл зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың жалпы жылдық өсуі 2019 жылдың деңгейімен салыстырғанда 10 пайызға артатынын білдіреді.

Департамент басшысының айтуынша, 2020 жылдың басында 5 пайыз артқанын есепке алғанда, 2019 жылдың деңгейінен 10 пайызға дейін жеткізілетін болады.

Еске сала кетейік, жалпы өңірде 24 мың зейнеткер бар.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: ӨКҚ

 

pavlodarnews.kz

Тэги: