- Бүгінгі таңда аялдамалардың шатырлары мен триплекс шынылары, орындықтар ауыстырылуда, - дейді «Коммунсервис» МКК директорының орынбасары Бауыржан Марденов. - Біздің тарапымыздан жөндеу жұмыстарын талап ететін 30 пайыздай немесе 120 аялдама анықталды. Олардың онын жөндеп шықтық. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасын табады. Қазіргі таңда екі бригада жұмыс істеп жатыр. Екінші мәрте дезинфекция жүргізілуде.

Спикердің айтуынша, қала бойынша барлығы 452 аялдама бар. 2020 жылы аялдамаларды күтіп ұстау және жөндеу мақсатында бюджеттен 12 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа қажет шығын материалдары сатып алынады.

- Көбінесе шыны аялдамаларды сындырып тастайды, - дейді Бауыржан Марденов. - Тұрғындардан қала мүлкіне ұқыпты қарауды өтінеміз. Себебі, егде жастағы қариялар автобус күтіп тұрған кезде осы жерлерде демалып отырады.

А. Бекжанқызы

Фото: Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам