Білім беру мекемесі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыр жолдары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ресми  парақшаларында жарияланып,  сол күні-ақ жергілікті ақындар арасында челлендж ретінде жалғасын тауып үлгерген.

-   Қиын-қыстау кезеңде ұстаздарымызды жылы сөзбен қолдап, демеп отыру мақсатында жырмен өрілген ізгі лебіздер эстафетасы бүгінде күннен-күнге аясын кеңейтіп отыр, - дейді баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова. -  Ақын, журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, облыстық «Найзатас» журналының бас редакторы, сондай-ақ төрт баланың әкесі Асыл Әбіштің тұңғыш ұлы Алмаз  біздің мектепте оқиды.  Мектептегі барлық іс-шараларға атсалысып, әдеби кештер, спорттық ойындар, өнер сайыстары болсын үнемі шаңырақ намысын қорғаудан тайынбайтын белсенді ата-аналардың бірі.

Ұстаздарға жыр арнаған ақын  әлеуметік желілерде отырмағанына көп болғанын, ал мектептің ресми  парақшаларында жарық көрген мақала сол күні Whatsapp месенджері арқылы толассыз, тіпті ауылдағы ағайындардың өзінен келіп жатқанын айтады.

-  Бұл  эстафетаны әрі қарай Қуаныш Шарманов, Жұмабек Сманов сынды танымал азаматтар жалғастырып, өз балаларының мектептеріне өлең жазып шығарған.  Ата-аналар осылайша өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, жол сілтеп жүрген ұстаздарға алғыстарын білдіруде, - дейді баспасөз хатшысы.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам