Алғаш рет Ержан Иманзаипов азаматтарды қабылдауды онлайн түрде өткізді.

Тұрғындармен байланысқа Екібастұз қаласының басшысы WhatsApp мессенджері арқылы шықты.

- Зарина Жұмаева су жылытқышты сатып алуға жәрдем көрсетуді сұрады, - дейді қала әкімі. - Бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қалалық бюджет қаражатынан қайырымдылық көмек көрсету көзделмеген. Біз демеушілерді тауып, екі баланы тәрбиелеп отырған Зарина Жұмаеваның отбасына тұрмыстық техника сатып алдық.

Онлайн қабылдауға он қала тұрғыны жазылған.

Ержан Иманзаиповқа жүгінген сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз етуге және материалдық көмекке қатысты болды.

- Азаматтардың қажеттіліктеріне жедел ден қою қаланың мемлекеттік органдары қызметінің басты басымдығы болып табылады, - дейді қала әкімі. – Мұндай қабылдаулар апта сайын сәрсенбі күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткіземіз.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап елдегі төтенше жағдайға байланысты COVID-19 салдарынан Екібастұз әкімдігі азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты.

Әкімнің онлайн қабылдауынан басқа, тұрғындар қала әкімдігінің WhatsApp нөміріне 8707 334 92 90 және @ekibastuz_akimat әкімдік инстаграммының аккаунтына сұрақтар мен ұсыныстарды қалдыруға болады.

Айтуар Тулеутай

pavlodarnews.kz

Тэги: