- 2020 жылғы 26 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі, - Евгений Губарев.- Осыған сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптаманы төтенше жағдай кезеңінде сырттай куәландыра алады. Бұл «электрондық өтініш» сервисі арқылы «электрондық үкімет» веб - порталына электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы жүгіну бойынша жүзеге асырылады.

Спикердің айтуынша, жәрдемақы алу үшін қайта тексерудің және ЭЦҚ алудың қажеті жоқ. Тиісті құжаттар интернет ресурсы арқылы жолданған соң медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мамандары 2 күн ішінде өтініш тастаған азаматтарға жауап беріп, мүгедектік тағайындалғандығы туралы хабарлайды. Хабарлама байланыс нөмірлеріне де келеді. Ал, мүгедектік туралы анықтамаларының түпнұсқасын төтенше жағдай аяқталған соң медициналық-əлеуметтік сараптама комисиясынан алып кете алады.

- Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін бұл адамдар медициналық және әлеуметтік сараптамаға жолдама алу үшін өзінің байқалып жүрген медициналық ұйымына хабарласуы керек, - дейді департамент басшысы. - Қажет болса, мүгедектер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта тексеруден өтуге құқылы.

Айгүл Жүсіпова

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk