Барлығы байқауға 26 елден 10600 жұмыс қатысты.

- Байқау қорытындылары бойынша жеңімпаздар қатарынан 6 павлодарлық оқушы табылды, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Қазылар алқасы байқауға жіберілген мыңдаған жұмыстар арасынан ең үздіктерін анықтай алды. Қатысушылар өз жұмыстарында жемістердің пісу кезеңі – күздің ерекше түстерін, сонымен қатар ұлттық бояуларды көрсете білді.
Байқау тақырыбы егін туралы болды.

 Жұмыстар гуашь, фломастер, түрлі түсті қарындаштар, акварель техникаларында орындалды. Қатысушылардың жұмыстары халықаралық сурет көрмесіне кірді.

Байқау лауреаты дипломымен «Жемістер иісі» жұмысының авторы 8 жасар Павел Береснев марапатталды. «Ең үздік жұмыс» номинациясымен «Мен бақшада» атты жұмысы үшін - 7 жасар Азиза Алпамысқызы, «Қарбыз!» суретінің авторы 7 жасар Амина Белгібаева, «Күзге дайындық» суреті үшін 6 жасар Амелия Звягина, «Қорлы кірпі» суреті үшін 7 жасар Артём Розов, «Әуес торғай» суретінің 7 жасар авторы Саида Хамитова дипломдармен марапатталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: