- Елбасының өз мақаласында атап көрсеткен рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтырады деген сөзін толығымен қолдаймын, - дейді Раушан Даумова. – Нұрсұлтан Әбішұлының үндеуі – жанға шипа, дертке дауа. Ондағы сөздер еліміз барлық қиындықтарды еңсереді дегенге сенім ұялатады.

Павлодарлық қоғам қайраткері қазақстандықтар тек бірігіп қана бұл қиын-қыстау заманнан шығар жол табатынына сенімді.

- Металлургтер қай кезде де қоғамның ең белсенді күштерінің бірі болған, - дейді Раушан Даумова. – Біз 90-жылдары болған тоқырау мен әлемдік дағдарыстарды өткеріп, жеңімпаз болып шықтық. Осы жолы да солай болатынына сенемін. Осы орайда біртұтастығымызды тағы да танытып, көмекке зәру жандарға аянбай жәрдемдесуіміз қажет.

Сөз соңында кәсіподақтық көшбасшы пандемияны жеңе білген Қазақстанды дамудың жаңа кезеңі күтіп тұрғанына күмән келтірмейтінін атады.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев, мақала, кәсіподақ