Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов қайтыс болған адамның 8 сәуірде ауруханаға түсіп, келесі күні сол жерде оның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталғанын айтты.

1936 жылы туған ер адам «бронх демікпесі», «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы», «жүректің ишемиялық ауруы», «үшінші дәрежелі артериялық гипертензия» және «дене терісінің қатерлі ісігі» диагноздарымен есепте тұрған.

- Байланыста болған адамдар анықталды. Олардың саны 118 адам. Олардың 50-і ауруханаға жатқызылса, 65-і үй карантинінде, - дейді Біржан Досмайылов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Павлодарда коронавирус жұқтырған адам қайтыс болды. 1936 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны 8 сәуірде «ауырлығы орташа дәрежедегі ауруханадан тыс полисегментарлық пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» диагнозымен ауруханаға жатқызылған болатын.

Айбек Жұматов

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk